Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл соңына дейін 105 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіледі

Жыл соңына дейін 105 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіледі

Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық меншіктегі 69 нысанды тексеруді көздеп отыр.

Жыл соңына дейін 105 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіледі
фото:gov.kz
Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында жыл соңына дейін 105 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық меншіктегі 69 нысанды тексеруді көздеп отыр. Ал "Қазсушар" РМК республикалық меншіктегі 35 гидротехникалық нысан мен "Достық" мемлекетаралық гидроторабында көпфакторлы зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.
Еске салсақ, 2024 жылы жоспарланған 82 нысанның орнына 84 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізілген болатын. Ал 2025 жылы коммуналдық меншіктегі 28 және республикалық меншіктегі 28 нысаннан тұратын жалпы саны 56 гидротехникалық құрылыс тексерілді.
Көпфакторлы зерттеу су шаруашылығы нысандарының қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Уақытылы тексерулер жөндеуді қажет ететін нысандарды анықтауға, сондай-ақ апаттар мен бөгеттердің бұзылу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді. Зерттеу қорытындысы бойынша нысанның қауіпсіздік декларациясы әзірленіп, тәуелсіз сараптамаға жолданады.
"Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде жалпы саны 557 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізу көзделген. Су кодексіне сәйкес гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін мұндай зерттеулер әр бес жыл сайын жүргізілуі тиіс. Бұл мерзім алдыңғы тексерудің тіркелген күнінен бастап нақты есептеледі", – деді СРИМ Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Сағи Үтелов.



09 маусым 2026 ж. 367 0

Тымақтағы тылсым қасиет

13 маусым 2026 ж. 81

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 81

Батагөйлер байқауы өтті

13 маусым 2026 ж. 71

Ел тілегі ескерусіз емес

13 маусым 2026 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930