Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су деңгейіне тұрақты мониторинг және тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі – Нұрлан Алдамжаров

Су деңгейіне тұрақты мониторинг және тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі – Нұрлан Алдамжаров

Су тасқынына дайындық аясында 74 гидротехникалық құрылыс жөнделген.
Су деңгейіне тұрақты мониторинг және тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі – Нұрлан Алдамжаров
Фото: istockphoto
Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынына дайындық аясында 74 гидротехникалық құрылысты жөндеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz министрлік ақпаратына сәйкес.
Сонымен қатар  су өткізу қабілетін жақсарту үшін 239 шақырым өзен арнасы тазартылған.
Еліміздің 16 өңірінде жалпы ұзындығы 584 шақырым болатын 384 бөгет жөнделіп, қайта тұрғызылды. Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, 6 облыстың (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай) 84 елді мекенінде қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды салу, реконструкциялау және қалпына келтіру бойынша 57 жоба іске асырылуда. Бұл жұмыстар 359 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 2024 жылы Қазақстанның 14 облысында 84 су шаруашылығы нысанына көп факторлы зерттеу жүргізілді. Биыл 105 гидроқұрылысты көп факторлы зерттеуден өткізу жоспарланып отыр.
 «Еліміздің барлық су қоймалары бекітілген кестеге сай жұмыс істеп тұр. Су деңгейіне тұрақты мониторинг және тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі. Бос орындар дайындау үшін су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасуда. Бұл су тасқыны кезінде суды қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
12 наурыз 2025 ж. 312 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 195

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 195

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930