Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда өрт сөндірушілерге жолды бөгеп тұрған көлікті қағып өтуге рұқсат беріле ме?

Қазақстанда өрт сөндірушілерге жолды бөгеп тұрған көлікті қағып өтуге рұқсат беріле ме?

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда құтқару қызметтеріне өрт кезінде жолды бөгеген көлікті қағып өтуге рұқсат беру жөніндегі ұсынысқа қатысты пікір білдірді.
Өрт сөнідуші
Фото:ТЖМ
Астана, NEGE. 15 сәуірдегі Мәжіліс отырысында депутат Олжас Құспеков Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында өрт кезінде төтенше қызметтердің өтуі үшін Fire Lane қағидаты бойынша арнайы дәліздер енгізуді, сондай-ақ төрт сөндірушілердің оқиға орнына барар жолдағы кедергілерді кідіріссіз жоюына рұқсат етуді, оның ішінде адамдарды құтқаруға кедергі келтірген жағдайда шлагбаумдарды, қақпаларды және автокөліктерді ашу немесе бүлдіру құқығын беруді ұсынған еді. Депутаттың айтуынша, елдегі соңғы төтенше жағдайлар өрт қауіпсіздігі жүйесі мен жедел қызметтердің қолжетімділігін шұғыл түрде қайта қарау қажеттігін көрсетті.
Олжас Бектеновтің депутатқа берген жауабында «Азаматтық қорғау туралы» заңға сәйкес, өртті сөндіру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері қажет болған жағдайда жабық есіктерді, терезелерді, шатырларды, сондай-ақ қоршау конструкцияларын (соның ішінде шлагбаумдарды) ашуға құқылы екені айтылған. Бұл өртті ауыздықтау және оны жою шараларын қабылдау үшін қажет.
Сонымен қатар ол «Азаматтық қорғау туралы» заңның 63-бабына сүйеніп, өртті сөндіру кезінде заң аясында әрекет еткен қызметкерлер келтірілген залалды өтеу міндетінен босатылатынын алға тартады. Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес, шлагбаумдар тәулік бойы кезекшілік ететін стационарлық бекетпен немесе оларды қолмен ашуға арналған құрылғымен жабдықталуға тиіс.
«Өкілетті органдарға жолды жауып тұрған көліктерді зақымдауға рұқсат беру орынсыз деп саналады, өйткені кедергілер болған жағдайда өртті сөндірудің әртүрлі тәсілдері бар. Сонымен бірге, тығыз салынған аудандардағы өрттер кезінде қолданылатын іс-қимыл алгоритміне сәйкес, өрт сөндіру бөлімшелерімен бірге жолға кедергі келтіріп тұрған көліктерді мәжбүрлі түрде жылжыту үшін полиция қызметкерлері де шығады», – делінген жауапта.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері көлік құралдарын талаптарды бұза отырып қоюға жол бермеу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізетіні атап өтілген. Егер көлік қозғалысқа немесе үйге кіріп-шығуға кедергі келтірсе, ол арнайы тұрақтарға эвакуацияланады.
Fire Lane қағидаты бойынша төтенше қызметтерге арналған арнайы қозғалыс дәліздерін енгізу мәселесіне қатысты Бектенов қазіргі уақытта өрт сөндіру көліктеріне арналған кіреберістер мен өткелдерге қойылатын талаптар «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентімен реттелгенін атап өткен. Ғимараттың биіктігіне қарамастан, өрт сөндіру көліктеріне арналған жолдардың ені кемінде 6 метр болуы тиіс, ал ең үлкен рұқсат етілген еңіс деңгейі 6–10% аралығында белгіленген.
Сондай-ақ премьер-министр өрт қауіпсіздігі жүйесін күшейту мақсатында қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының «Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі» құрылыс нормаларына өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатқанын баса айтқан. Соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің маңында өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған арнайы алаңдарды міндетті түрде жабдықтау ұсынылған.
Бұдан бөлек, депутатқа берген жауабында үкімет басшысы өртті ерте анықтау мақсатында мекенжайлық өрт дабылы жүйелерін (түтін датчиктерін) қолдану мәселесі пысықталып жатқанын атап өтеді.
Еске салсақ, 12 сәуірге қараған түні Астана қаласы Есіл ауданы Түркістан көшесінде 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шығып, кәмелетке толмаған үш бала қаза тапты. Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден күйік шалған әйелді құтқарды. Әйел ауыр халде жансақтау бөліміне түсті. 
Құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жеткенімен, кіреберісте тұрған көліктен тұрғын үйге дер кезінде өте алмай, біршама уақыт жоғалтқан. Кейін өрт сөндірушілердің бірден жұмысқа кірісуіне кедергі келтірген көлік жүргізушісі жауапқа тартылды.


08 маусым 2026 ж. 67 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930