Найзағай, бұршақ, аптап ыстық: 7 маусымға арналған ауа райы болжамы
Елдің кей аймақтарында аптап ыстық 37 градусқа дейін жетсе, басқа өңірлерде нөсер жаңбыр мен дауыл күтіледі
Фото: istockphoto.com

Фото: istockphoto.com
7 маусымға Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.
Ал Алматыда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Шымкентте де жоғары өрт қаупі сақталып отыр.
Жетісу облысында 7 маусым күні шығыста, оңтүстікте және таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталса, солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысында түнде шығыс пен оңтүстікте аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, ал шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында түнде батыс пен солтүстікте аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында секундына 15–18 метрге дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында түнде батыста, оңтүстікте және орталықта жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз де жауын-шашын жалғасады. Облыстың солтүстігі мен орталығында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында түнде оңтүстік-шығыста өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Таулы аудандарда да өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Шығыс және оңтүстік-шығыс желі облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында секундына 18 метрге дейін күшейеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.











