Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖИ және кітап: оқушыларды оқуға баулудың жаңа тәсілдері

ЖИ және кітап: оқушыларды оқуға баулудың жаңа тәсілдері

Жазғы демалыс — оқушылар үшін тек демалу ғана емес, өздігінен білім алуға жол ашатын кезең. Осы орайда, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында оқырман мәдениетін дамытуға бағытталған бастамалар жүйелі түрде жалғасып келеді. Биыл оқушыларға қандай жобалар, ұсыныстар және цифрлық құралдар қолжетімді болатыны жөнінде Kazinform агенттігі тілшісінің материалынан оқи аласыз.

бастауыш сынып
Фото: Freepik
Жазғы оқырман клубтары мен кітап марафондары
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жазғы каникул кезеңінде оқушыларды өз бетінше кітап оқуға тартуға ерекше көңіл бөлінеді.
Мектептерде, кітапханаларда және мектеп жанындағы лагерьлерде жазғы оқырман клубтары, кітап көрмелері, мәнерлеп оқу байқаулары, тақырыптық оқулар мен шығармашылық кездесулер ұйымдастыру жоспарланған. Іс-шаралар оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына қарай өткізіледі.
Сонымен қатар жаз бойы республикалық акциялар, оқырман марафондары, онлайн-челлендждер, эссе және шығармашылық жұмыстар байқаулары өтпек. Аймақтарда кітап оқуға арналған белгілі бір тақырыптағы жазбалар мен бейнероликтер де жарияланып отырады.
Оқушыларға қандай кітаптар ұсынылады
Жазғы оқу үшін Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана «Жазғы оқырман әлемі» атты гайдбук әзірледі. Онда каникул кезінде оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі қазақ және орыс тілдерінде берілген.
Кітаптар жас ерекшелігіне қарай бөлінген. 1–4-сынып оқушыларына ертегілер, достық, отбасы және табиғат туралы әңгімелер ұсынылады. 5–9-сынып оқушылары отандық және әлем әдебиетінің шығармалары, шытырман оқиғалар мен тарихи прозалар, сондай-ақ ғылыми-көпшілік бағытындағы кітаптармен қамтылады. Ал жоғары сынып балаларына қазақ және әлем классикасы, заманауи әдебиет, публицистика, өмірбаяндар, сондай-ақ өзін-өзі дамыту, көшбасшылық және кәсіби бағдарға арналған кітаптар ұсынылмақ.
Сонымен бірге оқушыларға өз қызығушылықтарына сай кітапты еркін таңдауға мүмкіндік берілген.
Министр қандай кітаптарды ұсынады
Бұған дейін Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқушылар мен жастарға Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда» трилогиясын оқуға кеңес берген болатын.
Министрдің айтуынша, бүгінде Алтын Орда тарихына деген қызығушылық Қазақстанда да, шетелде де артып келеді. Ол бұл трилогияға тарихи оқиғалар мен кейіпкерлердің көптігіне байланысты «қазақстандық «Тақтар ойыны» деп баға берген.
Көркем әдебиеттен бөлек министр Генри Киссинджер, Эрик Шмидт және Крейг Манди бірлесіп жазған «Генезис: жасанды интеллект, үміт және адамзаттың жаны» кітабын да оқуға ұсынды.
– Бұл жасанды интеллектіні тек технология ретінде емес, геосаяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және идеологиялық фактор ретінде терең қарастыратын өте мазмұнды еңбек, - деді ол.
Жасанды интеллект бақылауындағы оқу
Оқырман мәдениетін дамытудағы маңызды құралдардың бірі — «Оқырман» ақпараттық жүйесі. Бұл платформа oqyrman.kitaphana.edu.kz сайтында қолжетімді. Онда оқушылар электронды кітап оқып, пікір қалдырып, эссе жариялап, өз оқу белсенділігін бақылай алады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, эсселерді бағалау және оқырмандар рейтингін қалыптастыру жасанды интеллект технологияларының көмегімен жүзеге асырылады. Жүйе пайдаланушылардың жазбалары мен белсенділігін талдайды.
Сондай-ақ оқушыларға Digital Library цифрлық кітапханасы арқылы электронды кітаптар, оқу және көркем әдебиеттер қолжетімді.
Әлеуметтік желідегі пікірлер және отбасылық оқу
Жазғы науқан аясында оқушыларға оқыған кітаптары жөнінде әлеуметтік желілерде #ЖазғыОқырман және #ЛетнийЧитатель2026 хэштегтерімен жазба жариялау ұсынылады.
Сонымен қатар гайдбукта оқырман күнделігін жүргізу, отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыру, кітап талқылауларын ұйымдастыру, әдеби викториналар мен шығармашылық жобалар ұйымдастыру ұсынылады.
Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт» мәдениетін дамыту және оқу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі Жарлыққа қол қойған болатын.
Айта кетейік, министрлік мектептегі сабақ барысында смартфонды пайдалануға қатысты нақты нормативті енгізетін болады.


07 маусым 2026 ж. 61 0

Доллар бағамы қандай

07 маусым 2026 ж. 16

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930