Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Google компаниясы вирус жұқтырған миллиондаған масаны бостандыққа жібермек

Google компаниясы вирус жұқтырған миллиондаған масаны бостандыққа жібермек

Фото: pixabay.com
Google компаниясымен байланысты ғалымдар АҚШ-та бактерия жұқтырған миллиондаған масаны табиғатқа жібермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жоба аясында алдағы екі жыл ішінде Калифорния мен Флорида штаттарында вольбахия бактериясымен зақымданған 32 миллионнан аса еркек маса жіберіледі.

Жоба авторларының жоспары бойынша, жұқтырылған еркек масалар табиғаттағы аналық масалармен шағылысады. Соның нәтижесінде аналықтары қалыпты дамуға қабілетсіз жұмыртқа салады. Егер жоба сәтті жүзеге асса, адамдар үшін қауіпті ауруларды тарататын масалардың саны азаюы мүмкін.

Daily Mail мәліметінше, зиянкестермен күрестің мұндай тәсілі бірнеше ондаған жылдан бері қолданылып келеді. Алайда бұл жолғы бастама АҚШ-та қызу талқыланып, сынға ұшырады.

Теннесси штатынан сайланған АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Тим Берчетт IT-компанияның жәндіктерге қатысты жобамен не үшін айналысып жатқанын сұрады. Оның айтуынша, АҚШ-та бұған дейін де пайдалы болады деген мақсатпен әкелінген көптеген жануарлар мен өсімдіктер кейін экожүйеге зиян келтірген.

Көптеген америкалықтар да технологиялық алпауыттың масаларға қатысты тәжірибелерге неге қызығушылық танытып отырғанына күмән келтірді. Сонымен қатар Daily Mail дерегінше, 2021 жылы Флорида, Калифорния, Техас және басқа да бірнеше штатта ауру тарататын масалармен күресу үшін зертханада өсірілген генетикалық түрлендірілген масалар жіберілген болатын.
07 маусым 2026 ж. 148 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031