Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда үш әуе бағытына тасымалдаушы табылмай отыр

Қазақстанда үш әуе бағытына тасымалдаушы табылмай отыр

Қазақстанда Шымкент, Қарағанды, Жезқазған және Ақтау қалаларын байланыстыратын әуе рейстеріне жаңа конкурс жарияланды. Әуе тасымалдарын субсидиялауға республикалық бюджеттен 672 миллион теңге қарастырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Көлік министрлігі әуе тасымалдаушыларға мына бағыттар бойынша рейстерді орындауға ұсыныс жасады:

Шымкент – Қарағанды;
Жезқазған – Қарағанды;
Қызылорда – Ақтау.
Жарияланған шарттарға сәйкес, рейстерді 2026 жылдың маусымынан желтоқсанына дейін аптасына екі рет орындау жоспарланып отыр. Бір бағыттағы билет құны:

Шымкент – Қарағанды рейсінде 20 мың теңге;
Жезқазған – Қарағанды бағытында 13 мың теңге;
Қызылорда – Ақтау рейсінде 25 мың теңге болып белгіленген.
Бұл әуе тасымалдарын субсидиялауға республикалық бюджеттен 672 миллион теңге қарастырылған. Ең үлкен қаржыландыру Қызылорда – Ақтау бағытына тиесілі. Ол 317 миллион теңгеден асады. Шымкент – Қарағанды рейсіне шамамен 198 миллион теңге бөлінсе, Жезқазған – Қарағанды бағытына 157 миллион теңгеден астам қаражат көзделген.

Көлік министрлігінің мәліметінше, конкурсқа Қазақстанда тіркелген, сертификатталған әуе тасымалдаушылары қатыса алады. Олар тұрақты ішкі әуе рейстерін орындауға рұқсаты болуы тиіс, салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі болмауы қажет. Сонымен қатар, әуе компанияларының қаржылық қоры жеткілікті болып, сыйымдылығы кемінде 50 жолаушыға арналған әуе кемелері болуы шарт.

Өтінімдерді қабылдау 4 маусымда аяқталады. Ал конкурсқа қатысушылардың құжаттары 5 маусым күні Астанада ашылады. Бұған дейін осы бағыттар бойынша конкурсқа қатысқан әуе компаниялары үшін құжат тапсыру рәсімі жеңілдетілген. Министрлік жариялаған хабарламада бұл бағыттарға не себепті қайта конкурс жарияланғаны нақты көрсетілмеген.
04 маусым 2026 ж. 130 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930