Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордаға жаңа әуе рейсі қатынайды

Қызылордаға жаңа әуе рейсі қатынайды

28 тамыз күні FlyArystan Airlines сегіз бағытқа жаңа аймақтық рейстерді іске қосады.
Жаңа рейстердің ашылуына байланысты тасымаладушы компания 5-7 тамыз аралығындағы рейстерге 20%-ке дейін жеңілдіктер ұсынады. Ал ел ішінде қатынайтын ұшақтар бағыты мынадай:
Қарағанды - Шымкент – Қарағанды;
Қарағанды - Атырау – Қарағанды;
Қарағанды - Ақтау – Қарағанды;
Атырау – Қостанай – Атырау;
Атырау – Қызылорда – Атырау;
Шымкент – Қостанай – Шымкент;
Шымкент – Өскемен – Шымкент;
Шымкент – Павлодар – Шымкент.
«Эйр Астана» компаниясының еншілес компаниясы болып табылатын FlyArystan әуекомпаниясы сол кездегі президент Назарбаевтың республикаішілік арзан әуе қатынасын қамтамасыз ету туралы талабынан кейін құрылды. 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында компания 1,3 миллион жолаушы тасымалдады. 2022 жылға қарай әуе паркін 15 ұшаққа дейін көбейту жоспарлануда.
05 тамыз 2020 ж. 392 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 94

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930