Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйтеке би кентіндегі жол жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жасады

Әйтеке би кентіндегі жол жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жасады

Партияның Қазалы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының сәуір айындағы отырысында Әйтеке би кентіндегі көшелердің жол жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты депутаттар тарапынан зерделеу жүргізу туралы ұсыныс көтерілген болатын. Осыған сәйкес бүгін комиссия құрамы бірқатар көшелерде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысына арнайы мониторинг жүргізді.
Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков бастаған топ құрамында комиссия мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Эльмира Нұрмағанбетова және Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиев қатысты.
Аралау барысында Жанқожа, Қазалы мөлтек ауданы, Төремұрат жырау орамы, Т.Қашқынбаев, Нұрилла ана, Қ.Жаймұратов, 5 кварталдағы 2 көше, Ш.Қалдаяқов, Ы.Жақаев, В.Счастнов орамы, М.Өтемісұлы және М.Шоқай көшелеріндегі қиыршық тас қабатты ағымдағы жөндеу жұмыстарының орындалу сапасы зерделенді.
Мердігер мекеме – «Сарыбұлақ» ЖШС тарапынан жолдың астыңғы қабатын тегістеу, нығыздау, құм-топырақ төсеу және қиыршық тас қабатын төсеу жұмыстарының технологиялық талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, «Құрылыс Контроль» ЖШС тарапынан Біржан сал көшесі, С.Сүлейменов пен Ә.Айбосынов көшелері аралығында асфальт төсеу жұмыстарының барысы да бақылауға алынды.
Комиссия мүшелері әр көшені аралау барысында сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстардың атқарылу деңгейін қарады. Сапаға баса мән беру қажеттігін атап өтіп, нақты ескертулер мен ұсыныстар берді. Тапсырыс беруші және техникалық қадағалау ұйымдары тарапынан тұрақты бақылау жүргізіліп отырғаны да назарға алынды.
Мердігер мекеме өкілдері өз кезегінде барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауға міндеттеме алатынын жеткізді.
Аталған көшелер бойынша қабылдау жұмыстары жүргізілгенге дейін Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан қосымша мониторинг ұйымдастырылатын болады.

#AMANAT
22 мамыр 2026 ж. 121 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930