2-4 маусым аралығында ауа райы күрт құбылады: Қазақстанда екпінді жел, бұршақ пен жауын күтіледі
Фото: pixabayҚазақстанда 2026 жылғы 2-4 маусым аралығында ауа райының күрт өзгеруі күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 1 маусымда "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай күтіледі".
Мамандардың айтуынша, бұршақ түсіп, екпінді жел мен нөсер жауын келесі аймақтарда күтіледі:
Толығырақ
2 маусымда Павлодар облысында,
3 маусымда Атырау және Маңғыстау облыстарында,
3-4 маусымда Ақтөбе облысында,
4 маусымда Қостанай облысында.
"Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал".
Метерологтардың мәліметінше, күндізгі ауа температурасы батыста +23…+28°С-қа дейін жоғарылайды. Солтүстік-батыста ауа температурасы +13…+26°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік өңірлерде +25…+32°С-қа дейін, республиканың орталығы мен шығысында +27…+36°С-қа дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы сәл төмендеп, +25…+35°С шамасында болады.











