Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері пойызбен 500 мыңнан астам бала тасымалданды

Жыл басынан бері пойызбен 500 мыңнан астам бала тасымалданды

Ең танымал бағыттар Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шымкент, Астана – Семей және Алматы – Семей бағыттары болды.
Фото: ҚТЖ
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушы балаларды тасымалдау жайын қорытындылады. Жыл басынан бері Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды.
Пойыздарда кәмелетке толмаған жолаушыларды тасымалдау ережелері қолданылады:
– ата-аналарға бөлек орын алмаса, 7 жасқа дейінгі бір баланы тегін тасымалдауға рұқсат етіледі;
– 7 жасқа дейінгі бірнеше бала болған жағдайда тек бір балаға тегін жол жүру рұқсат беріледі, қалғандарына балалар билеттері сатып алынады;
– 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін 50% жеңілдікпен балалар билеті ресімделеді;
– 15 жастан асқан балаларға ересек билет сатып алынады, заңды өкілден нотариалды куәландырылған келісім болған жағдайда дербес жол жүруге болады.
Сонымен қатар барлық маршруттарда балалар контенті бар мультимедиялық қызметтер жұмыс істейді, ал мейрамхана вагондарында бейімделген мәзірлер ұсынылады. "Жолаушылар тасымалы" АҚ қызмет көрсету сапасын жетілдіруді жалғастыруда және ең жас жолаушыларға арналған қызметтер тізбесін кеңейтуде.
31 мамыр 2026 ж. 124 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031