Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай спутник интернетін сынайтын жаңа жерсерікті орбитаға шығарды

Қытай спутник интернетін сынайтын жаңа жерсерікті орбитаға шығарды

Қытай спутник интернетін сынайтын жаңа жерсерікті орбитаға шығардыФото: freepik.com
Қытай 31 мамыр күні спутниктік интернет технологияларын дамытуға және сынақтан өткізуге арналған жаңа тәжірибелік жерсерікті орбитаға сәтті ұшырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Синьхуаға сілтеме жасап.

БЕЙЖІҢ УАҚЫТЫМЕН 02.07-ДЕ ҰШЫРЫЛДЫ
Жерсерік Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында орналасқан Сичан ғарыш айлағынан Бейжің уақытымен 02:07-де ұшырылған.
Ұшыру барысында «Чанчжэн-2D» типті тасымалдаушы зымыран пайдаланылды. Жерсерік жоспарланған орбитаға сәтті жеткізілді.
Жоба негізінен жаңа байланыс технологияларын сынауға және олардың тиімділігін бағалауға бағытталған. Әсіресе, ұялы телефондарды жерсерік арқылы тікелей кең жолақты интернетке қосу мүмкіндігін зерттеу көзделіп отыр.
646-МИССИЯ
Сонымен қатар жерүсті байланыс желілері мен ғарыштық жүйелерді біріктіру технологиялары да тәжірибеден өтеді.
Айта кетейік, бұл ұшырылым «Чанчжэн» зымырандар сериясы бойынша 646-шы миссия болып тіркелді.
Бұған дейін Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары, бұрынғы президент Дмитрий Медведев Украинадағы және НАТО-ға мүше мемлекеттердегі атом электр станцияларына қатысты мәлімдеме жасап, белгілі бір жағдайда «симметриялық жауап шаралары» қабылдануы мүмкін екенін айтқан болатын.
31 мамыр 2026 ж. 227 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930