+37 градусқа дейін аптап ыстық, жаңбыр мен бұршақ: 30 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады
"Қазгидромет" сенбі, 30 мамырға арналған ел қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады.Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік, орталық және шығыс өңірлерде күн ашық, жауын-шашынсыз әрі ыстық болады. Ал батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астана – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 30-32 градус ыстық болады.
Алматы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 29-31 градус ыстық болады.
Шымкент – көшпелі бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 32-34 градус ыстық.
Түркістан – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін ысиды.
Қонаев – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 18 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 32-34 градус ыстық болады.
Талдықорған – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 31-33 градус ыстық.
Қызылорда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.
Тараз – көшпелі бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 32-34 градус ыстық.
Ақтау – көшпелі бұлт шығады. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 20-22 градус жылы болады.
Атырау – көшпелі бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 21-23 градус жылы.
Орал – көшпелі бұлт шығады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус жылы болады.
Ақтөбе – бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан батысқа қарай ауысып, секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 20-22 градус жылы.
Қарағанды – көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы түнде секундына 5-10 метр, күндіз 7-12 метр болады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 28-30 градус ыстық.
Жезқазған – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-шығыстан түнде секундына 5-10 метр, күндіз 7-12 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 15 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 30-32 градус ыстық болады.
Қостанай – бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақыттарда қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Таңертең және күндіз екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 19-21 градус жылы.
Көкшетау – көшпелі бұлтты. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 25-27 градус жылы.
Петропавл – бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы түнде секундына 9-14 метр, күндіз 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады.
Павлодар – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 30-32 градус ыстық.
Семей – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа, шығысқа қарай ауысып, секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 28-30 градус ыстық болады.
Өскемен – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа қарай ауысып, секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады, түнде екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 25-27 градус жылы болады.









