Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады

Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады

Фото: depositphotos.com
Қазақстан мектептерінде жол жүру ережесі (ЖЖЕ) жеке пән ретінде оқытылады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Education.
Министрдің айтуынша, биыл (шамамен 2026-2027 оқу жылында - ред. еск.) Қазақстанда "Қазақстан балалары" бағдарламасы аясында "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа пән пайда болады.
"Оған жол жүру ережелерімен қатар балалардың қауіпсіздік мәселелері де кіреді. Пән сабақ кестесіне енгізіледі. Сондай-ақ онда жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары қарастырылған. Балаларды дайындау қажет болатын барлық өзекті мәселе ескерілді", - деді Жұлдыз Сүлейменова Тәуелсіздік сарайы кулуарында.
Оның айтуынша, бағдарламаны Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен "Өркен" орталығы әзірлеген. Пәнді педагогтар мен психологтар жүргізеді. Ол 5-9 сыныптар аралығында енгізіледі.
Бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанда мектеп оқулықтары мен оқу бағдарламаларының мазмұны жаңартылатынын, оның ішінде жаңа Конституция нормалары мен құндылықтары ескерілетінін хабарлаған болатын.
28 мамыр 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031