Бейсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: pexels"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 28 мамырда қолайсыз елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматыда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады кей уақыттарда екпіні 15 м/с. Қонаевта жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 28 мамырда жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз жаңбыр найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр, күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт каупі сақталады.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
28 мамырда түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда түнде жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астанада жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с









