Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өнерпаздары Люксембургте қазақ мәдениетін дәріптеді

Сыр өнерпаздары Люксембургте қазақ мәдениетін дәріптеді

Сыр өңірі өнер шеберлерінің Еуропадағы гастрольдік сапары аясында Люксембург Ұлы Герцогтігінде Қызылорда облыстық филармониясының концерті өтті. «Shanyraq Fest Luxembourg» мәдени бастамасы шеңберінде ұйымдастырылған кеште қазақ халқының бай музыкалық және фольклорлық мұрасы көрермен назарына ұсынылды.
Мәдени іс-шара Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі елшілігі, Қызылорда облысының әкімдігі және ERG қолдауымен ұйымдастырылды.
Өнер сапары осыдан бірнеше ай бұрын Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен жоспарланған болатын.
Концертке Люксембургтің мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, кәсіпкерлер, мәдениет саласының қызметкерлері, сондай-ақ осы елде тұратын қазақстандықтар мен студент жастар қатысты.
Кеште Қазақстанның Люксембургтегі елшісі Роман Василенко құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет пен өнердің халықтарды жақындастыратын маңызды рухани құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар мұндай бастамалар мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, халықтардың бір-бірінің тарихы мен дәстүрін тереңірек тануына ықпал ететінін жеткізді.
Мәдениет саласының үздігі Әзиза Іздіқұлова режиссерлік еткен концерттік бағдарламада Сыр өңірінің бай музыкалық мұрасы кеңінен насихатталып, ұлттық фольклор, күй өнері мен жыраулық дәстүр көрермен назарына ұсынылды. Өнерпаздар орындауындағы шығармалар арқылы Ұлы даланың рухы мен қазақ халқының мәдени ерекшелігі шетелдік көрерменге кеңінен таныстырылды.
Кеш қорытындысында өнерпаздар «Атамекен» әнін орындап, қазақ мәдени кешінің әсерлі финалына айналдырды.
27 мамыр 2026 ж. 132 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031