Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізеді

Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізеді

Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізеді
Фото: ЖИ әзірледі
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүргізушіні медициналық куәландыру кезінде жекелеген наркологиялық орталықтың тарапынан жіберілетін заңбұзушылық мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында азаматтардың өтініші, депутаттық сауалдар және мас күйді анықтау кезінде белгіленген рәсімдердің сақталмауына қатысты анықталған фактілер қаралды.

Министр Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қолданыстағы стандарттар мен медициналық куәландыру жүргізу тәртібінің сақталуын тексеру мақсатында барлық өңірлік наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізуді тапсырды.

Ведомство басшысы заңбұзушылық анықталған жағдайда материалдар қолданыстағы заңнаманың шеңберінде процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілетінін атап өтті.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық куәландыру жүргізу тәртібін реттейтін ДСМ-ның тиісті бұйрығына рәсімдердің ашықтығын арттыру, азаматтардың құқығын қорғау және даулы жағдайдың алдын алу үшін өзгерістер әзірлейді.
Еске салак кетсек, былтыр жүргізілген кешенді тексеру нәтижесінде 400-ге жуық денсаулық сақтау субъектісі қызметін тоқтатты, оларға қатысты 500-ден астам әкімшілік жаза қолданылған, 70 млн теңгеден астам айыппұл салынған. 
24 мамыр 2026 ж. 104 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031