Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүргізушілерді медициналық куәландыру: наркологиялық орталықтар тексеріледі

Жүргізушілерді медициналық куәландыру: наркологиялық орталықтар тексеріледі

Фото: depositphotos.com
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі елдегі наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізеді. Бұған азаматтардың шағымдары мен өтініштері негіз болды, - деп хабарлайды Massaget.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүргізушілерді медициналық куәландыру кезінде кейбір наркологиялық орталықтарда заң бұзушылықтарға жол берілуі мүмкін деген мәселеге қатысты кеңес өткізді.
Кеңесте азаматтардың өтініштері, депутаттық сауалдар, сондай-ақ мас күйін анықтау кезінде белгіленген рәсімдердің сақталмауына қатысты деректер қаралды.
"Министр Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне барлық өңірлік наркологиялық орталықтарда қолданыстағы стандарттар мен медициналық куәландыру жүргізу тәртібінің сақталуына қатысты кешенді тексеру жүргізуді тапсырды", — делінген хабарламада.
Ведомство басшысы заң бұзушылықтар анықталса, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданатынын айтты.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі медициналық куәландыру жүргізу тәртібін реттейтін бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар әзірлейді. Бұл рәсімдердің ашықтығын арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және даулы жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

24 мамыр 2026 ж. 88 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031