Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды нысандардағы төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға өзгерістер енгізілді

Маңызды нысандардағы төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға өзгерістер енгізілді

Фото: pexels
Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 19 мамырдағы бұйрығымен Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлеміне қатысты нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, нұсқаулық атом электр станциясындағы жобадан тыс апат кезінде радиациялық ластану аймақтарының көлемі Қазақстан Республикасының "Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік. Атом станциясындағы жобадан тыс апат кезіндегі радиациялық жағдайды бағалау әдістемесі" ұлттық стандартының талаптарына сәйкес анықталатыны туралы тармақпен толықтырылды.

Сондай-ақ жаңадан салынатын тартымдық қосалқы станциялар ықтимал күшті қирау аймақтары мен апатты су басу қаупі бар аумақтардан тыс жерде орналастырылатыны нақтыланды. Автоматика және телемеханика құрылғыларымен жабдықталған тартымдық қосалқы станцияларда оларды жергілікті басқару режиміне ауыстыру мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен қатар пойыз қозғалысы мен инфрақұрылымды басқарудың өңірлік орталықтарының қосалқы басқару пункттерімен байланыс қамтамасыз етіледі.

Құжатта "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ және оның пойыз қозғалысы мен инфрақұрылымды басқару жөніндегі өңірлік орталықтары ықтимал апатты су басу аймақтарынан тыс орналасатын қосалқы басқару пункттерімен қамтамасыз етілетіні көрсетілген.

Азаматтық қорғаныс бойынша ерекше маңызды санатқа жатқызылған теміржол станцияларының кезекші қызметкерлері, сондай-ақ "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ мен оның филиалдарының жедел құрамдағы қызметкерлері үшін тұрақты орналасқан орындарында азаматтық қорғанысқа арналған қорғаныс құрылыстары қарастырылады.

Бұйрық 2026 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
22 мамыр 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031