Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.21 мамырда Алматы қаласында, түнде Қарағанды, Теміртау, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.









