Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Парламент президент туралы заңды қабылдады: Ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді

Парламент президент туралы заңды қабылдады: Ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді

Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар “Қазақстан Республикасының Президенті туралы” Конституциялық заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заң жобасы биыл 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Конституция талаптарына сәйкес әзірленді. Құжат Мемлекет басшысының арнайы Жолдауы негізінде парламенттің қарауына енгізілді. Заң жобасында президент пен вице-президенттің құқықтық мәртебесі нақты айқындалып, қолданыстағы конституциялық реттеудің негізгі қағидаттары мен құқықтық сабақтастығы сақталған.
Жоба 8 тарау мен 43 баптан тұрады. Сонымен қатар биыл Конституция нормаларын бейімдеу және жаңа мемлекеттік билік институттарын қалыптастыруға байланысты бірқатар жаңа ережелер енгізілді.
Бұдан бөлек, бұрынғы заңнамадағы нормалар жан-жақты пысықталып, редакциялық тұрғыдан жетілдірілді. Парламент регламентінің талаптарына сай бірлескен комиссия депутаттар мен тұрақты комитеттердің ұсыныстарын қарауы тиіс болатын. Алайда комиссия қарауына қандай да бір түзетулер мен ескертулер түскен жоқ. Осыған байланысты заң жобасы бастапқы редакцияда ұсынылып отыр, – деді Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ.
20 мамыр 2026 ж. 20 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031