Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызықпен басталған құмарлық – құрдымға апарар жол

Қызықпен басталған құмарлық – құрдымға апарар жол

Қазіргі таңда қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі – құмар ойынға тәуелділік. Бұл дерт әсіресе жастар арасында белең алып, көптеген отбасының тұтастығына сызат түсіруде. Жақында психолог Сарқыт Матайдың ұйымдастыруымен Қазалы аудандық оқушылар үйінде ата-аналарға арналған «Лудомания: басы – қызық, арты – өкініш...» атты профилактикалық семинар-тренинг өткізілді.
Ата-аналарға лудоманияның мәнін, белгілерін және зардаптарын түсіндіру, тәуелділіктің психологиялық әрі әлеуметтік тұзағын көрсету және оның алдын алу жолдары насихатталды. Жиын барысында ата-аналармен жылы атмосфера орнату мақсатында «Алтын сандық» атты психологиялық жаттығу өткізіліп, онда қатысушылар өміріндегі ең қымбат құндылықтарды атап, асыл ұғымдардың маңыздылығымен бөлісті. Бұл жаттығу адам өміріндегі шынайы байлықтың ақша емес, рухани құндылықтар екенін ұғындыруға бағытталды.
«Лудомания деген не?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құмар ойынға тәуелділіктің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған психологиялық ауру екендігі жеткізілді. Букмекерлік кеңселер мен онлайн ойындардың қолжетімділігі жастардың қызығушылығын арттырып отырғаны сөз болды.
Семинарда лудоманияның пайда болу себептері мен тарихи деректер де қозғалды. Құмар ойындардың адам тағдырына үлкен зиян келтіргені айтылып, бүгінгі күні бұл дерттің қоғамға қауіп төндіріп отырғаны түсіндірілді.
Іс-шараның ең әсерлі бөлігі — «Тәуелділік торшасы» атты көрнекі әдіс болды. Ватманға бейнеленген тор ішінде «Қарыз», «Өтірік», «Денсаулық», «Жалғыздық» секілді ұғымдар жазылып, оның адамды рухани және әлеуметтік тұйыққа тірейтіні көрсетілді. Ал тордың сыртында «Отбасы», «Спорт», «Білім», «Арман» секілді өмірдің шынайы құндылықтары бейнеленді.
Ата-аналар бұл көрініс арқылы тәуелділіктің адамның өмірін қалай өзгертетінін терең сезінді. Талқылау барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, лудоманияның отбасыға тигізер зардабы туралы пікір алмасты.
Шараның тәжірибелік бөлімінде ата-аналарға баламен сенімді қарым-қатынас орнату, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қаржылық сауаттылыққа баулу және қажет жағдайда мамандар көмегіне жүгіну жөнінде кеңестер берілді. Сонымен қатар қатысушылар рөлдік ойындарға қатысып, баланы зиянды әдеттен сақтаудың жолдарын талқылады.
Семинар соңында қатысушылар «Төрт стикер» әдісі арқылы алған әсерлерімен бөлісті. Ата-аналар «Тәуелділік торшасынан» алған сабақтарын, бұдан былай бала тәрбиесінде нені өзгертетіндерін жазып қалдырды.
«Басы қызық болып көрінген ойынның арты үлкен өкінішке апаруы мүмкін. Біздің мақсатымыз – жас ұрпақты виртуалды ұтысқа емес, шынайы өмірдегі жеңістерге бағыттау», – деп түйіндеді педагог-психолог Сарқыт Құрманғалиқызы.
Қоғам дертіне айналып бара жатқан лудоманиямен күрес тек мамандардың емес, әр отбасының ортақ міндеті. Себебі ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Отбасы күні қарсаңында өткен бұл жиын балаға бүгінгі бағдар – ертеңгі нәтиже деген ұғымның астарын ашып, әрбір шаңырақтың бақыты – баланың амандығы мен дұрыс тәрбиесінде екенін тағы бір мәрте ұғындырды.
Әсемгүл АРТЫҚБАЕВА
19 мамыр 2026 ж. 38 0

Жаяуға да жол керек

19 мамыр 2026 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031