Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәртебелі мамандар мерейі

Мәртебелі мамандар мерейі

17 мамыр - Байланыс қызметкерлері күні. Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов Қазалы ауданында байланыс және телекоммуникация саласының қызметкерлері мен сала ардагерлерін қабылдап, мерекемен құттықтады.
– Байланыс саласы – қоғамның дамуына серпін беретін, халық пен мемлекетті, аймақтар мен елдерді өзара жалғайтын маңызды стратегиялық бағыттардың бірі. Қазіргі цифрлық дәуірде ақпарат алмасудың жеделдігі мен сапасы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді.
Бүгінде ауданымызда байланыс және телекоммуникация саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Елді мекендерді интернет желісімен қамту, ұялы байланыс сапасын жақсарту, цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыру – басты назардағы мәселелердің бірі. Осы ретте сіздердің күнделікті еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Сіздерге аудан халқы атынан шынайы ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да байланыс саласының қарқынды дамуына үлес қосып, ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын, – деді Дәурен Оңғарбайұлы.
Мерекелік қабылдауда Дәурен Оңғарбайұлы аудандағы байланыс саласының қызметкерлеріне аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың құттықтауын жеткізіп, бірқатар сала ардагерлерімен қызметкерлерін «Алғыс хаттармен» марапаттады.
Бүгінде ауданымыз бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісімен Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және 18 елді мекен қамтылған, яғни 47,6 пайызы. «Қазақтелеком» АҚ-ы арқылы 10 елді мекен қосылған болса, «Транстелеком» АҚ-ы арқылы 10 елді мекен жоғары жылдамдықты интернет қамтылған. Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» АҚ-мен «Ауыл Online» жобасы аясында 2027-2028 жылдарға 17 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу жоспарлануда. Ал, Қазалы аудандық пошта торабында 17 байланыс бөлімшесі жұмыс жасайды, онда 56 азамат қызмет атқаруда. Тарихы тереңде жатқан «Қазпошта» акционерлік қоғамы бүгінгі таңда үлкен өзгерістерден өтіп, заман талабына сай техникалық құрал-жабдықтармен қамтылған. Пошта торабы екінші деңгейлі банк ретінде Қазалы ауданы бойынша 150-ден астам заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, 12 елді мекенде бұл жұмыстармен қатар, серіктес банктер арқылы несие, депозит рәсімдеу жұмыстары қоса жүргізілуде.
Өз кезегінде байланыс саласының мамандары әріптестерін мерекемен құттықтап, көрсетілген қошемет-құрметке алғыстарын айтты.
Мерекелік басқосу Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығы өнерпаздарының әсем әндерімен аяқталып, мереке иелері көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
19 мамыр 2026 ж. 30 0

Жаяуға да жол керек

19 мамыр 2026 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031