Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде бірнеше мемлекеттік марапаттар пайда болмақ: Сенат заңға түзетуді қабылдады

Елімізде бірнеше мемлекеттік марапаттар пайда болмақ: Сенат заңға түзетуді қабылдады

Фото: ChatGpt арқылы жасалды
Қазақстанда жаңа мемлекеттік марапаттар пайда болады. Сенат “Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” заңға енгізілген түзетулерді қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенат аппаратының басшысы Максим Споткайдың сөзінше, мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес жаңа ордендер бекітілді. Олар – “Әл-Фараби”, “Қожа Ахмет Ясауи” және "Мейірім" ордендері.
“Данышпан бабаларымыздың баға жетпес туындыларын заман талабына сай кәдеге жарата білуіміз керек. Ойшылдарымыз бен ғалымдарымыздың мұрасын терең танып, кеңінен дәріптеп, барынша дамытқан жөн. Ұлы тұлғаларды ұлықтау жұмысына тың серпін беру аса маңызды. Осы міндетті жүзеге асыруға орден тағайындау бастамасы ықпал етеді”, – деген еді Тоқаев.
Споткайдың сөзінше, “Әл-Фараби” ордені білім, ғылым, мәдениет және рухани өмір саласында айрықша еңбек сіңірген азаматтарға табысталады.
Ал “Қожа Ахмет Ясауи” ордені мемлекетшілдікті, гуманитарлық және ағартушылық салаларды дамытуға үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдарға, қоғам және мемлекет қайраткерлеріне беріледі.
“Мейірім” орденімен қайырымдылық, меценаттық және филантропия саласына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталады.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, "Әл-Фараби" орденін енгізуді ұсынған еді.

14 мамыр 2026 ж. 53 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031