Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірқатар өңірде үсік жүреді: синоптиктер ескерту жасады

Бірқатар өңірде үсік жүреді: синоптиктер ескерту жасады

Бірқатар өңірде үсік жүреді: синоптиктер ескерту жасадыФото: depositphotos.com
Бүгін түнде Астана мен еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді деп болжанып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.
11 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Өңірдің оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанды. Оралда 11 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен батысында 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік күтіледі. Мұнда да жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Қостанайда да түнде 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Павлодар облысында синоптиктер күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жететін солтүстік-батыс желін болжады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 11 мамырда түнде топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге, ал солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде 23-28 метрге дейін жетеді. Түнде 1-6 градусқа дейін үсік күтіледі. Петропавлда да солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрден 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.
Астанада 11 мамырға қараған түні топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

10 мамыр 2026 ж. 154 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031