Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіс күніне орай батырлардың портреті бейнеленген пойыздар жолға шықты

Жеңіс күніне орай батырлардың портреті бейнеленген пойыздар жолға шықты

Жолаушылар вагондардың жанында суретке түсіп, тарихи тұлғалар туралы ақпаратпен танысуда
Жеңіс күніне орай батырлардың портреті бейнеленген пойыздар жолға шықты
Фото:
ҚТЖ
Жеңіс күніне орай Астанадан еліміздің бірнеше қаласына қазақстандық майдангерлердің портреттерімен безендірілген пойыздар жолға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған науқан аясында вагондарға аңызға айналған қазақ батырларының суреттері қойылды. Олардың қатарында Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Талғат Бигелдинов сынды майдангерлер бар.
Жолаушылар вагондардың жанында суретке түсіп, тарихи тұлғалар туралы ақпаратпен танысып, әлеуметтік желілерде бөлісуде.
Мерекелік безендірілген вагондар Тальго №9/10 «Астана – Алматы», №85/86 «Астана – Шымкент» бағыттарындағы пойыздарға, сондай-ақ «Астана – Павлодар», «Астана – Атбасар» және «Астана – Көкшетау» электр пойыздарына қосылған.
«Мұндай тақырыптық безендірулер жолаушыларға ардагерлеріміздің ерлігін еске салуға және батырлардың есімін жадымызда сақтауға көмектеседі», — деп атап өтті тасымалдаушы компания өкілдері.



09 мамыр 2026 ж. 216 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930