Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 200-ден астам қызылордалық велошеруге қатысты

200-ден астам қызылордалық велошеруге қатысты

Биыл, Қызылорда қаласы Өзінің 200 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Тарихи тағылымы мен маңызы зор мерейтолық датаны атап өту мақсатында жыл басынан бері ауқымды жұмыстар атқарылып және мәдени көпшілік шаралар, қайырымдылық акциялары, түрлі форматтағы байқаулар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып келеді.
Бұл бағытта, бүгінгі күнге дейін әртүрлі бағытта 40-қа жуық мәдени шаралар өткізілді. Облыс көлемінде 2 халықаралық, 2 республикалық, 3 облыстық және 20 қалалық шаралар ұйымдастырылды.
Негізінен, мерекелік шараларды екі негізгі бөлімге бөліп, ұйымдастырылатын әрбір іс-шараға үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени, ардагерлер мен жастар бірлестіктерінің өкілдерін, мәдениет қайраткерлерін, еңбек ұжымдарын, бизнес-қоғамдастықты белсене тарту көзделген.
Солардың ішінде, спорттық шараларға да басымдық берілуде.
Нақтырақ айтқанда, ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Тасбөгет кентінің 70 жылдығы аясында түрлі спорттық сайыстар мен қазақша күрестен облыстық турнир ұйымдастырылады.
24 қыркүйек күні қаладағы барлық спорт алаңдарында спорт түрлерінен сайыстар өтеді.
29 қыркүйек күні Қызылорда қаласы орталық «Иппадром» кешенінде ұлттық спортымыз ат бәйгесі болады. Осы күні «Евразия» спорт кешенінде қазақша күрестен түйе балуандар сынға түседі.
Міне, бүгін қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насиғаттауға бағытталған игілікті шаралардың бастауы ретінде Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейлі мерекесіне арнайы ұйымдастырылған велошеруге 200-ден астам жерлестеріміз белсенді атсалысты.
Олардың арасында кәсіпқой вело спортшылармен қатар, жастар, белсенді азаматтар, кәсіпкерлер мен түрлі саланың қызметкерлері секілді ең жасы 7 жастан бастап 70 жастан асқан әуесқой спортшылар қатысты.
Велошеруге арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов қатысушыларға сәттілік тілеп, сүйікті қаламыз Қызылорданың 200 жылдығымен құттықтады.
«Сыр Ана» монументінен бастап ұзақтығы 10 шақырымға созылған бұл шеру, орталық стадионда қорытыланды.
Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан шараның барлық қатысушыларына ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар мен ең үздік нәтиже көрсеткен жерлестерімізге сыйлықтар табысталды.
24 қыркүйек 2018 ж. 978 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930