Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан газ транзитін шектеді: өңір елдеріне жеткізілім қымбаттады

Қазақстан газ транзитін шектеді: өңір елдеріне жеткізілім қымбаттады

Транзит шектеулері мен ұсыныстың азаюы өңірде газ бағасының өсуіне әсер етті
Қазақстан газ транзитін шектеді: өңір елдеріне жеткізілім қымбаттады
Фото: istockphoto.com
Ұлттық тасымалдаушы «Қазақстан темір жолы» сәуір айының соңында Ресейден Қазақстан аумағы арқылы Тәжікстанға сұйытылған көмірсутек газын (СУГ) транзиттеуге берілген өтінімдерді кері қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Нефть и Газ Казахстана» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Салалық Argus агенттігінің мәліметінше, бұл шешім инфрақұрылымның шамадан тыс жүктелуі мен жүк тиелген вагондардың жиналып қалуына байланысты «Тәжік темір жолдарының» өтінішімен қабылданған.
Осы шектеулер мен ресейлік жеткізушілер тарапынан бағаның өсуі аясында сәуірдің соңында Тәжікстанға, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстанға жеткізілетін СУГ-тың жедел келісімдердегі бағасы қымбаттаған.
2026 жылға арналған Ресей мен Тәжікстан арасындағы жеткізілімдердің индикативтік теңгеріміне сәйкес, бажсыз жеткізілетін СУГ көлемі 50 мың тоннаны құрайды. Бұл лимит мамыр айының өзінде таусылған жағдайда, бағалардың әрі қарай өсуі мүмкін.
Қосымша фактор ретінде «Теңізшевройл» тарапынан жедел жеткізілімдердің болмауы әсер етті. Дереккөздердің айтуынша, компания мамыр айына жеткізілетін бірде-бір партияны тасымалдауға жібермеген.
1–27 сәуір аралығындағы мәлімет бойынша, Тәжікстанға 25,7 мың тонна СУГ жеткізілген, оның 20,7 мың тоннасын «Теңізшевройл» қамтамасыз еткен.



03 мамыр 2026 ж. 189 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930