Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан – достықтың мекені» атты салтанатты шара өтті

«Қазақстан – достықтың мекені» атты салтанатты шара өтті

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін «Өнер орталығында» 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – достықтың мекені» атты салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы өңір тұрғындарын бейбітшіліктің, келісімнің мерейлі мерекесімен құттықтады.
«Қазақстан – достықтың мекені» атты салтанатты шара өтті

«Мемлекет басшысының бастамасымен, халықтың қолдауымен қабылданған жаңа Конституциямызға сәйкес, қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайту мақсатында елімізде Халық кеңесі институты құрылуда.
Бұл бастама тұрғындарымыздың ұсыныс-пікірін ескеріп, елдік мәселелерді жұртшылықпен бірге талқылауға негізделген әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды тетігі болмақ.
Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмыла білгеннің арқасында ортақ мүдде жолындағы қиындықтарды қайыспай көтеріп, қуанышымызды бірге бөлісіп, ақ ниетімізді, асыл қасиеттерімізді танытып келеміз. Бұл – тілі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір жұртымыздың айнымас бірлігінің дәлелі.
Еліміздегі этносаралық достық пен бірліктің үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының демеушілігімен қаламызда 3 млрд. 800 млн. теңгеге салынған «Достық үйінің» заманауи, сәулетті, жаңа ғимараты ел игілігіне табысталды. Бұл – аймағымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея белсенділері үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген заманауи ғимарат.
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болғай!»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.
«Қазақстан – достықтың мекені» атты салтанатты шара өтті
Салтанатты шарада бейбітшілік пен достықты нығайтуға, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі, ҚР Президентінің Алғысы және «Барыс» төсбелгісі, облыстың Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
«Қазақстан – достықтың мекені» атты салтанатты шара өтті
Мерекеде облыстық корейлер қауымдастығының «Хан» би ансамблі корей биін, «Славян» этномәдени бірлестігінің «Сударушки» вокалдық тобы «Праздники» әнін орындап, концерттік бағдарлама грузин биімен жалғасты.
Өңірде 11 этномәдени бірлестік пен 9 қоғамдық құрылым бар. Олар этносаралық татулықты нығайтуға, қоғамдық келісімді сақтауға және ел бірлігін бекемдеуге бағытталған маңызды бастамаларды жүзеге асырып келеді.
«Қазақстан – достықтың мекені» атты салтанатты шара өтті
Ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың қатысуымен халықаралық ғылыми-танымдық конференция, «Сыр елі – достық мекені» республикалық Ассамблея жастары форумы, «Достық керуені» байқауы және «Бірлігі бекем Сыр елі» республикалық форумы ұйымдастырылды.
Татар этномәдени бірлестігінің 35 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде аталып өтті. Шараға Татарстан Республикасынан арнайы қонақтар қатысып, ел бірлігі мен шынайы достықтың маңызын айқындаған тағылымды басқосу болды.
Қызылордаға ерекше архитектуралық сән берген «Достық үйінің» жаңа ғимаратында этнос өкілдерінің жастарына арналған шығармашылық үйірмелері, медиация орталығы, музей, Ассамблея жанындағы ғылыми сарапшылық топтар жұмыс істейді. Жаңа нысан азаматтық қоғам институттарының басын қосатын, жаңа бастамаларды дамытатын орталыққа айналды.
Барлық аудандағы жаңадан салынған «Руханият орталықтарынан» музей, кітапхана, архив, неке қию залдары ашылған, ардагерлер мен аналар кеңесіне, оған қоса этномәдени бірлестіктерге, үкіметтік емес ұйымдарға да жабдықталған жұмыс кабинеттері берілген. Орталықтардағы «Қоғамдық келісім» кабинеттері этнос өкілдерінің мәдени-рухани сабақтастығын сақтауға қызмет етеді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
30 сәуір 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930