Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді жасанды интеллект арқылы инсультті 5-10 минутта анықтауға болады

Енді жасанды интеллект арқылы инсультті 5-10 минутта анықтауға болады

Жүйе бірнеше өңірде енгізілді. 
Фото: ЖИ
Денсаулық сақтау саласындағы нәтижелі кейстердің бірі – Cerebra AI. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бұл – инсультті ерте диагностикалауға арналған жасанды интеллект. Ол компьютерлік томография нәтижесін 30 минуттың орнына 5-10 минут ішінде талдайды. Инсульт диагностикасын едәуір жылдамдатады және дәлдігін арттырады", – деді ведомство басшысы.
Жүйе елордадағы 17 емханада, сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында енгізілді.
"2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап инсультке күдігі бар жеті мың алты жүзден астам пациенттің деректері талданды. Өлім-жітім деңгейінің 40%-ға төмендеуі, сондай-ақ уақытылы ем алатын пациенттер үлесінің 150%-ға артқаны байқалады", – деп атап өтті Жаслан Мәдиев.
28 сәуір 2026 ж. 227 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031