Мұстафа Матаевты еске алуға арналған турнир өтті
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өңіріміздегі құқықтық қызмет саласы қызметкерлері арасында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының негізін қалаушы, ф.ғ.к, профессор, Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» Матаев Мұстафа Матайұлын еске алуға арналған турнир өтті.Жарыс спорттың алты түрі бойынша (шахмат, шағын футбол, үстел теннисі, дартс, жүзу эстафетасы, арқан тарту) ұйымдастырылып, айналым жүйесі бойынша өткізілді.
Турнир нәтижесінде:
Шахмат
1 орынҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті
2 орынҚорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
3 орынҚызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті
Шағын футбол
1 орын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті командасы
2 орынҚызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті
3 орынҚР Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімінің командасы
Үстел теннис
1 орын Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті
2 орын«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы командасы
3 орын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Дартс
1 орынҚызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті
2 орынҚорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
3 орынҚазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
Жүзу эстафетасы
1 орынҚызылорда облысының Полиция департаменті
2 орын
3 орынҚорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Арқан тарту
1 орынҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті
2 орынҚызылорда облыстық адвокаттар алқасы
3 орынҚызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті
Спорт түрлерінен жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Кубогімен, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жарыс жеңімпаздары мен барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Осындай тағылымды әрі мазмұнды іс-шаралар әріптестер арасындағы бірлікті нығайтып, жастарға үлгі болары сөзсіз.












