Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ауа райы құбылмалы: жаңбыр, найзағай, бұршақ және үсік күтіледі

Қазақстанда ауа райы құбылмалы: жаңбыр, найзағай, бұршақ және үсік күтіледі

Фото: pixabay.com
Республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта жаңбыр мен сулы қар түріндегі жауын-шашын болжанады. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Жауын-шашынсыз ашық ауа райы солтүстік және орталық облыстарда бүкіл кезең бойы, оңтүстік облыстарда 28-29 сәуірде, шығыс облыстарда 29-30 сәуірде күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Түнгі және таңғы сағаттарда республика бойынша тұман күтіледі. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ 28-29 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
батыста +15...+20°С дейін,
солтүстік-батыста +17...+25°С дейін,
солтүстікте +21...+26°С дейін,
орталықта +21...+30°С дейін,
шығыста +19...+27°С дейін,
оңтүстікте +25...+34°С дейін,
оңтүстік-шығыста +22...+27°С дейін.
27 сәуір 2026 ж. 224 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31