Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем кубогы: финалда ел намысын 4 қазақстандық боксшы қорғайды

Әлем кубогы: финалда ел намысын 4 қазақстандық боксшы қорғайды

Үш қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін бақ сынайды.
Әлем кубогы: финалда ел намысын 4 қазақстандық боксшы қорғайды
фото: www.istockphoto.com
Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Финалда ел намысын қорғайтын боксшылар белгілі болды,  - деп хабарлайды Aikyn.kz. 
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, 1/2 финалдың қорытындысы бойынша үш қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін бақ сынайды.
60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Польша өкілі Анета Рыгельскаямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақта бельгиялық Ошин Дериумен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз 4:1 есебімен басым түсті.
Сұлтанбек Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта германиялық Валерий Вальтермен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша отандасымыз 5:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова жеребе нәтижесі бойынша тікелей финалға өткен болатын.
Ал үш боксшымыз жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта қытайлық Лю Чуаньға 2:3 есебімен жол берді. 80 келіге дейінгі салмақта Жібек Жарасқызы алғашқы жекпе-жегінде Польша өкілі Эмилия Котерскаға 0:5 есебімен жол берді. 80 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов көз жарақатына байланысты жарысты жартылай финалдан аяқтады.
Төменде қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары көрсетілген.
60 келіге дейін: Виктория Графеева – Ребекка Сантос (Бразилия)
65 келіге дейін: Аида Әбікеева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
80 келіден жоғары: Валерия Аксенова – Жофия Сира (Венгрия)
85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы – Кауе Белини (Бразилия)
Бұған дейін Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медальға ие болғанын жазғанбыз.
26 сәуір 2026 ж. 141 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930