Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Чехия әлемдегі ең ауқатты 20 елдің қатарына алғаш рет енді

Чехия әлемдегі ең ауқатты 20 елдің қатарына алғаш рет енді

Чехия әлемдегі ең ауқатты 20 елдің қатарына алғаш рет ендіФото: depositphotos.com
Чехия Францияны басып озып, әлемдегі ең бай 20 елдің қатарына алғаш рет енді. Бұл туралы чехиялық Novinky порталында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
HelloSafe компаниясының жаңа әл-ауқат рейтингіне сәйкес, Чехия әлемдегі ең бай елдер арасында Франциядан бір саты алда тұр, қазір ол 19-орында. Оның экономикасы жоғары табысқа ие болғанымен, Чехияның рейтингте жоғарылауына, ең алдымен, табыс теңдігі және кедейлік деңгейінің салыстырмалы түрде аздығы сияқты әлеуметтік көрсеткіштер көмектесті.
"HelloSafe компаниясы жыл сайын жасайтын әл-ауқат индексі елдердің байлығын тек экономика көлеміне қарап бағаламайды. Нәтижелер бес көрсеткішті қамтиды: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ, жалпы ұлттық табыс, адам дамуының индексі, табыс теңсіздігі және кедейліктің салыстырмалы деңгейі", — делінген хабарламада.
Қорытынды балдың жартысы елдің экономикалық қуатынан, ал екінші жартысы өмір сүру сапасы мен халық арасындағы байлықтың бөлінісінен құралады. Еуростаттың 2024 жылғы мәліметтеріне сәйкес, Чехия Еуропалық Одақтағы халық табысының теңсіздігі бойынша ең төменгі көрсеткішке ие.

Чехияның басты әлсіз тұсы - Еуропаның ең қуатты елдерімен салыстырғанда табыс деңгейінің төмендігі және экономиканың жеткіліксіз дамуы болып қала бермек.
Әлемдегі ең бай 20 елдің рейтингінде Норвегия, Ирландия, Люксембург, Швейцария және Исландия көш бастап тұр.

26 сәуір 2026 ж. 95 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930