"Союз" зымыраны ғарыштық жүк кемесімен бірге Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды
Фото: Роскосмос26 сәуір күні Қазақстан уақытымен сағат 03:22-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-2.1а" зымыраны "Прогресс МС-34" жүк кемесімен бірге ұшырылды. Жүк кемесінің Халықаралық ғарыш станциясымен 28 сәуір күні Астана уақытымен 05:01-де түйіседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Прогресс МС-34" Халықаралық ғарыш станциясына 2500 келіден астам жүк жеткізеді”, – деп хабарлады Роскосмос.
Ғарыш кемесінің жүгінде:
Станцияны жанармаймен толықтыруға арналған отын;
Экипажға арналған азық-түлік;
Ауыз су;
Санитарлық-гигиеналық заттар;
Халықаралық ғарыш станциясының ішкі атмосферасына қажет оттегі бар.
Сонымен қатар жүктің арасында ашық ғарышқа шығуға арналған жаңа "Орлан МКС" скафандры да бар.
Сонымен қатар орбитаға тәжірибелер жүргізуге арналған жабдықтар мен шығын материалдары да жіберіледі.
Олардың ішінде:
"Виртуал" – VR-очкалар мен ағза реакцияларын бақылайтын құрылғылар арқылы салмақсыздықтың көру қабілетіне, вестибулярлық жүйеге және кеңістікте бағдарлануға әсерін зерттейді;
"Нейроиммунитет" – стресс жағдайының иммундық жүйе мен жүйке жүйесіне әсерін зерттейді;
"Коррекция" – ғарыш ұшуы кезінде сүйек тінінің массасын жоғалту мәселесін қарастырады;
"Биодеградация" – Халықаралық ғарыш станциясысы ішіндегі материалдарға микроорганизмдердің әсерін тексереді;
"Сепарация" – суды қайта өңдеу және қалпына келтіру әдістерін зерттеп, жетілдіреді.
Еске салайық, “Байқоңыр” ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша 16:59:51-де №31 алаңнан "Союз-2.1а" зымыран-тасығышы "Прогресс МС-33" жүк тасымалдаушы ғарыш кемесімен бірге ұшырылды.














