Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент министрлікке «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды

Президент министрлікке «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісінде білім жүйесіне баса мән беруді маңызды мәселе ретінде атады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.Фото: Ақорда
– Тазалықтың тірегі – тәрбие. Балаларды экологиялық мәдениет пен еңбекке мектеп жасынан баулу қажет. Сондықтан экологиялық акцияларға оқушылар мен студенттердің белсене қатысқаны жөн. Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырамын. Білім ордаларында суды және қуат көзін үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау ісін дәріптейтін бастамаларды қолға алу қажет. Сондай-ақ оқушылар мен студенттердің экология мәселесіне арналған ғылыми ізденістеріне жан-жақты қолдау көрсету керек. «Таза Қазақстан» халқымызды жаңа сапалық деңгейге көтеретін ұлттық идея болуға тиіс. Оны қоғамда терең орнықтыру үшін мәдениет саласының, әсіресе, креативті индустрияның әлеуетін барынша пайдаланған жөн. Еңбекқорлық, ұқыптылық, адалдық, жасампаздық құндылықтары фильмдер, сериалдар арқылы да насихатталуға тиіс. Бұл жұмыста бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желінің де мүмкіндігін дұрыс қолдану керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент қазір елімізде түбегейлі өзгерістерді қолға алынып, ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

– Наурыз айында өткен республикалық референдумда жаңа Конституциямызды қабылдадық. Осылайша, ел тарихының жаңа парағын аштық. Біздің түпкі мақсатымыз – «Заң мен тәртіп» қағидаты берік орныққан қауіпсіз және әділетті қоғам құру. Жас ұрпаққа, яғни сіздерге өркениетті, беделді, дамыған мемлекетті аманат етіп қалдыру. Осы жолда бәріміз табанды еңбек етуіміз керек. Ал Отанға қызмет қарапайым дүниелерден басталады. Тал егу, айналаңды таза ұстау арқылы елге пайдалы болуға, яғни ұлтқа қызмет етуге болады. Мен жастардың, еріктілердің елімізді көркейтуге қосқан орасан зор үлесін жоғары бағалаймын. Адал еңбектеріңізді ерекше құрметке лайық деп санаймын. Тазалық – ең алдымен, ішкі мәдениеттің өлшемі. Ой-ниеті және ары таза адам ешкімге ешқашан қиянат жасамайды, ондай адам елін де сатпайды. Тәртіпке бағынып, түзу жолдан да адаспайды. Айналасына қамқор, жақындарына жанашыр болады. Елдің көшін алға бастап, ұлт сапасын жақсартуға атсалысады. Мен бәріңізді дәл осындай азамат деп есептеймін. Баршаңызға тағы да сәттілік тілеймін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасын дамыту аясында жануарларға қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға тоқталды.

25 сәуір 2026 ж. 119 0

Өнер мен өнеге ұштасқан

25 сәуір 2026 ж. 113

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930