Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасалды

Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасалды

Алаяқтар азаматтарға әскери комиссариаттың атынан жалған SMS пен мессенджер арқылы хабарламалар таратып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Aqparat saqshysy атты Telegram-арнада жарияланған мәліметке сәйкес, алаяқтар әскери комиссариаттың атын жамылып, азаматтарға жаппай SMS-хабарламалар, мессенджердегі хабарламалар және электронды хаттар таратып жатыр.

Хабарламалар мазмұны көбінесе үркіту сипатына ие:

«Сіз әскери комиссариатқа шақырту бойынша келуге міндеттісіз!»

«Сіз әскери қызметтен жалтарып жүрсіз!»

«Деректеріңізді растау және айыппұлдан құтылу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз»

Нақты мәні неде? Бұл сілтемелер арқылы азаматтар фишингтік сайттарға өтеді. Онда:

Паспорттық деректерді енгізуге итермелейді — кейін бұл деректер darknet-те сатылады.

Немесе құрылғыға вирус жүктеліп, банк карталары мен құпиясөздер ұрланады.

Кейде алаяқтар тікелей қоңырау шалып, «қылмыстық жауапкершілік» жайлы қорқытып, ақша аударуды талап етеді.

«Әскери комиссариат ешқашан WhatsApp, Telegram немесе электрондық пошта арқылы шақырту жібермейді», деп атап өтті алаяқтықты әшкерелеуші арна авторлары.

Мұндай жағдайда не істеу керек?

Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз;

Жеке деректеріңізді енгізбеңіз;

Мұндай хабарламалар келген жағдайда, ресми әскери бөлімшеге тікелей хабарласыңыз;

Телефонмен ақша талап етсе — бұл алаяқтық, бірден құқық қорғау органдарына хабар беріңіз.
22 мамыр 2025 ж. 270 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930