Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда енді электровелосипед жүргізетіндер де жүргізуші куәлігі мен нөмір алуы керек

Қазақстанда енді электровелосипед жүргізетіндер де жүргізуші куәлігі мен нөмір алуы керек

Фото: Freepik.com
Электровелосипедтер мопедтермен теңестіріледі. Енді оны жүргізетіндер жүргізуші куәлігі мен нөмір алуы керек, сондай-ақ жаяу жүргіншілер аймағында жүруге тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов электровелосипед жүргізетіндерге талап күшейтілетінін мәлімдеді
"Біз оларды мопед сияқты қарастырамыз. Қазір толыққанды мопедке қойылатын талаптар қандай? Олар жолда жүреді, жүргізуші куәлігі болуы керек және толық заңдастырылуы қажет", – деді Ержан Саденов.
Қазақстан мопедтерді пайдалануға қойылатын талаптарды күшейткеннен кейін курьерлер электровелосипедтерге ауысты. Бір қауіптісі –электровелосипедтер дыбыссыз, бірақ мопедтердің жылдамдығындай жүреді. Оның үстіне онымен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймағында және жүргізуші куәлігінсіз басқарып жүр.
Мәселе премьер-министрге жетіп, ол ішкі істер министрлігінің басшысына мәселені реттеуді тапсырды. Елді мекендерден тыс жол қауіпсіздігіне қатысты ақылы жолдарда ғана емес, сонымен қатар аймақтық тас жолдарда да орташа жылдамдықты өлшеу жүйесін енгізу қажет екенін мәлімдеді.
"Орташа жылдамдықты тіркеу оң әсер етеді. Біз оның географиялық ауқымын кеңейтуіміз керек. Біз тек республика ішіндегі ақылы жолдармен шектелмеуіміз керек. Көлік министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, аймақтық жолдарға тиісті камераларды орнату мәселесін шешуі тиіс", – деді премьер-министр Олжас Бектенов.

21 сәуір 2026 ж. 47 0

Тазалық пен тағзым

21 сәуір 2026 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930