Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда салық органдары блогерлерді жаппай тексеріп жатыр

Қазақстанда салық органдары блогерлерді жаппай тексеріп жатыр

Кескін нейрожелі көмегімен жасалған
Кейбір қазақстандық блогерлерге қатысты салықтық тексерулер жалғасып жатыр. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шенеуніктің айтуынша, тексеру басталғаннан бері салық органдары 854 блогерге 72 миллиард теңге сомасындағы табысты төмендетіп көрсету бойынша 1 586 хабарлама жіберген.
"Олардың ішінде бүгінде 622 блогер қосымша салық декларациясын тапсырды. Олар өз табыстарын 18,3 миллиард теңгеге арттырып, қосымша 1 миллиард теңгеге жуық салық төледі. Сондай-ақ оларға тағы 600 миллион теңгеге жуық қаражат төлеу жүктелді", - деді Ержан Біржанов үкіметте өткен брифингте.
Ол қазіргі уақытта 7 блогерге қатысты тексеру жүріп жатқанын айтты. Олардың қосымша есептелген салық сомасы 10 миллион теңгеден асады.
"Қазір тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Егер осы шаралардан кейін сомалар ерікті түрде төленбесе және олар айтарлықтай көлемде болса, материалдарды құқық қорғау органдарына тапсыру арқылы өндіріп аламыз немесе тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады", - деп мәлімдеді Біржанов.
Вице-министр салық құпиясына сілтеме жасай отырып, блогерлерді атамады.
Мән-жайы
Еске салсақ, былтыр ақпанда Қазақстан блогерлеріне миллиардтаған теңге қарыз туралы жаппай салықтық хабарламалар келген болатын. Сол кездегі Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, 594 адам өз табысын 53,3 миллиард теңгеге төмендетіп көрсеткен.
14 сәуір 2026 ж. 133 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 142

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930