Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық блогерлер миллиардтаған табысын декларациялады

Қазақстандық блогерлер миллиардтаған табысын декларациялады

Фото: depositphotos.com
Қазақстандық блогерлер 18 миллиард теңгеден аса табысын декларациялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Ресми дерекке сүйенсек, былтыр салық органдары 854 инфлюенсер мен блогерге 1 586 хабарлама жолдаған. МКК өкілдерінің айтуынша, бұған 2022–2023 жылдары 71,9 миллиард теңге көлеміндегі табыстың төмен көрсетілуі себеп болған.
"Қазір 622 инфлюенсер (блогер) қосымша декларациялық нысандарды тапсыру арқылы 18,2 миллиард теңге табысын көрсетіп отыр. Осыған сәйкес 875,5 миллион теңге салық есептелді", – деп толықтырды комитет.
Еске салайық, былтыр ақпанда Қазақстандағы блогерлерге миллиардтаған теңге қарыз туралы салық хабарламалары жаппай келген еді. Ол кезде Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 594 адам 53,3 миллиард теңге табысын кемітіп көрсеткен.
Блогер Алишер Елікбаев өз парақшасында кейбір әріптестеріне қосымша есептелген салық сомасы 300 миллион теңгеден асып кеткенін жазды. Оның айтуынша, бұл олардың болжамды айналымы шамамен 1 миллиард теңге болуы мүмкін екенін білдіреді.
03 ақпан 2026 ж. 135 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728