Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ит асырағандарға салық салынбайды: Үкімет бастаманы тиімсіз деп тапты

Ит асырағандарға салық салынбайды: Үкімет бастаманы тиімсіз деп тапты

Фото: freepik.com
Қаржы және ұлттық экономика министрліктері иттерге салық енгізу идеясын қолдамай отыр. Шенеуніктердің айтуынша, мұндай шешім азаматтардың үй жануарларын асырауына кедергі келтіруі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мұндай салықты енгізу үшін барлық иттерді тіркеу және толық есепке алу қажет екенін айтты. Сонымен қатар вице-министр мұндай салықтың нақты мақсаты да түсініксіз екенін атап өтті.

Ержан Біржановтың сөзінше, министрліктің үй жануарлары арқылы салық базасын кеңейту міндеті жоқ. Керісінше, мұндай бастама қазақстандықтардың үй жануарларын асырауына кедергі келтіруі мүмкін.

"Бұл ынталандыру емес, керісінше құлықсықдық таныту деп түсіну керек. Сондықтан оның артықшылықтары мен кемшіліктерін мұқият қарастыру қажет. Қазір бұл бастаманы қолдау мәселесі қарастырылып отырған жоқ", – деді Ержан Біржанов.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин де әріптесінің пікірін қолдады. Оның айтуынша, мұндай салық кері әсер беріп, қазақстандықтардың ит асыраудан бас тартуына әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар ол бұл бастама жаңа Салық кодексіне қайшы келетінін айтты. Өйткені жаңа кодексте халыққа салынатын салық жүктемесі шамамен 30%-ға қысқартылған.

Еске салайық, Қазақстанда үй жануарларын чиптеу мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Қазір жануарларды есепке алу жүйесі толық жолға қойылмаған, сондықтан олардың нақты саны мен иелері туралы деректер жеткіліксіз. Осыған байланысты депутат Еділ Жаңбыршин жануарларды міндетті түрде чиптеу арқылы бірыңғай база қалыптастыруды ұсынды. Бұл тәсіл жоғалған жануарларды табуды жеңілдетіп, иесіз ит пен мысық санын азайтуға мүмкіндік береді.
14 сәуір 2026 ж. 122 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 142

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930