Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

Онда ауада зиянды заттар жиналуы мүмкін
Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: © istockphoto.com
12 сәуірде еліміздің 10 қаласында метеорологиялық жағдайға байланысты ауада зиянды заттар жиналуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Жексенбі күні еліміздің өнеркәсіптік және ірі мегаполистерінде ауа райының тымық болуы ластану деңгейін көтереді. 
Атап айтқанда, келесі қалалардың тұрғындарына сақ болу ұсынылады: Астана; Алматы; Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған; Өскемен, Семей; Риддер; Ақтау.

Қолайсыз метеожағдай деген не?

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл жерге жақын атмосфералық қабатта зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін факторлардың (баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде өндіріс орындары мен көліктерден бөлінетін түтін сейілмей, ауада тұрып қалады.

Сақтық шаралары

Мамандар ауа сапасы нашарлаған кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:
1. Тас жолдар мен өнеркәсіп орындарына жақын жерде ұзақ жүрмеген абзал.
2. Өкпе, жүрек-қантамыр және аллергиялық аурулары бар адамдар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс.
3. Ауа сапасы жақсарғанша бөлмені желдетуді тоқтата тұрған жөн.



12 сәуір 2026 ж. 215 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031