Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 29 наурыз күні бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

29 наурыз күні бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Ауаның ластануы тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін
29 наурыз күні бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: © istockphoto.com
«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 29 наурызда Қазақстанның алты бірдей ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын ескертті. Ауаның ластануы тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қай қалаларда ауа ластанады?

Синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, қолайсыз метеожағдай болатын қалалар:
  • Алматы
  • Астана
  • Павлодар
  • Теміртау
  • Қарағанды
  • Қостанай 
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – баяу жел, тұман және инверсия сияқты факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде өндіріс орындары мен көліктерден бөлінетін улы түтін таралмай, жер бетіне жақын қабатта жиналып қалады.

Сақтық шаралары

Ауа сапасының нашарлауына байланысты мамандар қала тұрғындарына келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
1. Тас жолдар мен өндіріс орындарының маңында серуендемеген жөн.
2. Тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиясы бар адамдар далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені абзал.
3. Ауа лас кезде ашық аспан астында спортпен шұғылданудан немесе ауыр физикалық жұмыстан бас тартқан дұрыс.



29 наурыз 2026 ж. 171 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031