Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап асханасы жоқ мектептердің оқушылары қалай тамақтанады

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап асханасы жоқ мектептердің оқушылары қалай тамақтанады

Балаларға ыстық бутерброды бар ланч-пакеттер таратылады
Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап асханасы жоқ мектептердің оқушылары қалай тамақтанады
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты мен көп нұсқалы үлгілік мәзір бекітілді. Мектеп асханаларында 1 қыркүйектен бастап қолданылатын мәзірде целиакия, қант диабеті және аллергиясы бар балалардың диеталық ерекшеліктері ескерілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тамақтанудың жаңа стандартына сәйкес рационнан қант, тұз және май мөлшері едәуір азаяды, құрамында табиғи емес өнімдер, тұз бен қанты көп өнімдер алынып тасталады. Керісінше оның орнына жаңа піскен көкөністің, жеміс-жидек пен табиғи өнімдердің үлесі артады.
Ал ас блогы жоқ шағын жинақталған мектептерде ыстық бутербродтан, ашытылған сүт өнімінен (йогурт), маусымдық жемістер мен сусыннан (сүт, айран, итмұрын сусыны, кептірілген жеміс-жидек) тұратын ланч-пакеттер дайындалады.
«Мәзір балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен калориясын ескере отырып жасалған. Онда жас санаттары, маусымдық, сондай-ақ ас блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануы ескерілген. Стандарт сондай-ақ шағын жинақталған мектептерде, буфеттерде тамақтануды ұйымдастыруға және қант диабеті, тамақ аллергиясы, целиакия ауруы, лактоза жеткіліксіздігі және басқа да аурулар сияқты ерекше диеталық қажеттіліктері бар балаларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды қамтиды», - деді ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова.
ДСМ ақпаратынша, қазір мектеп әкімшілігі, медицина қызметкерлері, тамақтану қызметін жеткізушілер мен бракераждық комиссия мүшелері онлайн оқудан өтіп жатыр. Кейін мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметкерлерін оқыту жоспарланған.



09 маусым 2025 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30