Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 21 мыңнан астам бала аутизммен тіркеуде тұр

Қазақстанда 21 мыңнан астам бала аутизммен тіркеуде тұр

Фото: pexels
2 сәуір – аутизм туралы ақпарат тарату күні. Біздің елде 21 мыңнан астам бала дәл осы диагнозбен есепте тұр.
Көп жағдайда ата-аналар аутизмнің алғашқы белгілерін дер кезінде байқай бермейді. Балаларға көрсетілетін арнайы көмектің түрлерінен де бейхабар, деп жазады qazaqstan.tv.
Салдарынан ерекше күтімді қажет ететін жеткіншектердің қоғамға бейімделуі қиындай түседі. Бүгін Астанада өткен жиында осы мәселелер талқыланды.
Сала мамандары мен ата-аналар қатысқан жиында аутизмді ерте диагностикалау мен оңалтудың маңызы айтылды.
Неліктен бел көлемін азайту сондай қиын және бұның денсаулыққа қандай қатысы бар?
Аутизм балаларды қолдау тетіктері, қолжетімді мүмкіндіктер мен қызмет түрлері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Ата-аналар да өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар салған 60-тан астам сурет көрмеге қойылды.
"Көптеген қорлар ашылып жатыр. Инклюзивті көмек беретін мекемелер ашылып жатыр. Ата-ана әрекеттеніп, іздену керек. Ізденсе, нәтижеге жетеді. Менің қызым қазір сахнада, ән айтады, вокалға барамыз, би билейміз. Көптеген нәтиже бар менде. Оқи алады. Алдында үйде оқытылатын, жөнді оқымайтын. Әріп танимыз, бірақ басын қосып оқымаймыз."
Рахия Исабекова, Түркістан тұрғыны
02 сәуір 2026 ж. 159 0

Салт пен сабақтастық

04 сәуір 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930