Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетісу облысында тағы да жер сілкінісі тіркелді

Жетісу облысында тағы да жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым қашықтықта орналасқан.

Фото: pexels.com

31 наурыз күні түске қарай Жетісу облысы аумағына жақын жерде жер сілкінісі тіркелді. Сілкініс күші Жаркент, Текелі және Жансүгіров ауылында 2 балл болып сезілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ «ҰҒСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 31 наурыз күні сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеді.
Ведомство мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым қашықтықта орналасқан.
Эпицентр координаттары: 44.609º солтүстік ендік, 79.709º шығыс бойлық. Жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым болған.
Алдын ала есеп бойынша жер сілкінісінің сезілу қарқындылығы мына аумақтарда 2 баллды құрады:
— Жетісу облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында;
— Жетісу облысының Текелі қаласында;
— Жетісу облысы Ақсу ауданындағы Жансүгіров ауылында.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Сондай-ақ тұрғындардан 112 нөміріне қоңыраулар тіркелмеген.
Сейсмикалық оқиғаның қарқындылығы 2 балды құрады. 112 нөміріне қоңыраулар түскен жоқ, - деп хабарлады ТЖМ мамандары.
Бұған дейін де сейсмологтар Жетісу облысында 31 наурызға қараған түні Астана уақытымен сағат 00:42-де магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Жаркент маңында орналасқан. 
31 наурыз 2026 ж. 33 0

Стиль мен сана байланысы

31 наурыз 2026 ж. 59

Сапаға сын болмауы тиіс

31 наурыз 2026 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031