Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 маусым демалыс күні бола ма? Еңбек министрлігінің ұстанымы

1 маусым демалыс күні бола ма? Еңбек министрлігінің ұстанымы

1 маусым демалыс күні бола ма? Еңбек министрлігінің ұстанымы
Фото: Сурет нейрожелі көмегімен жасалған
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанда 1 маусымды демалыс күні ретінде белгілеу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сенат кулуарында журналистер министрден "1 маусым демалыс күні болуы мүмкін бе?" деп сұрады.
"Биыл бұл мәселені көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Ол бірқатар министрлікпен ортақ ұстаным қалыптастырылғаннан кейін, бәлкім, келесі жылы қаралады. Қазір бұл мәселе күн тәртібінен алынды", - деді министр.
Министрдің айтуынша, қосымша демалыс күндері туралы мәселелер қоғам сұранысына байланысты көтеріліп тұрады.
"Бұл күн демалыс болып енгізіле ме - айту қиын, бірақ талқыланады", - деді Ертаев.
Оның сөзінше, демалыс күнін енгізуге тікелей кедергілер жоқ, алайда кез келген қосымша демалыс күні жұмыс берушілерге жүктеме түсіреді.
"Бұл әлеуметтік серіктестермен және жұмыс берушілермен талқыланады. Кез келген демалыс — бұл қосымша төлемдер мен есептеулер. Егер барлығы келісіп, есептеулер ашық болса, онда бұл бастама қолдау табады", - деп қосты министр.
Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай биыл қазақстандықтар 30 тамыз Конституция күні демалмайтынын растаған болатын. Енді Қазақстанда жаңа Конституция күні 15 наурыз болады — дәл осы күні қазақстандықтар референдумда оның жобасын қолдаған.
27 наурыз 2026 ж. 463 1

Francis от 27 наурыз 2026 18:56
https://love-hindi.com/shayri-on-life/ Hi to all, how is the whole thing, I think every one is getting more from this website, and your views are nice for new viewers.

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031