Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада отандық мультфильмдер тегін көрсетіледі

Астанада отандық мультфильмдер тегін көрсетіледі

Астанада отандық мультфильмдер тегін көрсетіледі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Республика бойынша Қазақстандық анимация апталығы өтіп жатыр. Бұл – балаларға, жасөспірімдерге және отбасылық көрерменге арналған отандық мультфильмдердің коммерциялық емес көрсетілімдерінен тұратын мәдени жоба, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар заманауи туындыларды барлық көрерменге қолжетімді етпек. Тегін сеанстар Астанадағы «Арсенал» және Қарағандыдағы «Сарыжайлау» кинотеатрларында өтеді. Сонымен қатар ҚР Қарулы Күштерімен бірлескен жоба аясында көрсетілімдер елордадағы Әскери-патриоттық орталықта және еліміздің шалғай өңіріндегі әскери гарнизондарында – Семей, Отар, Сарыөзек, Алматыда ұйымдастырылмақ. Бұл іс-шара әскери қалашықтарда тұратын отбасылар мен балалардың жаңа мультфильмдерді тамашалауына мүмкіндік береді.
«Бағдарламада түрлі жас ерекшелік пен талғамға сай туындылар бар. Толықметражды ертегілермен қатар, авторлық қысқаметражды туындылар да ұсынылады. Көпшілік 2025 жылдың жаңа мультфильмдері мен «Қазақфильм» мен Ұлттық киноны қолдау орталығының алтын қорына енген үздік ленталарды тамашалай алады», - делінген хабарламада.
Бастаманы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырып жатыр. Жоба ұлттық анимацияны дамыту мен нарықты мемлекеттік тілдегі сапалы контентпен байыту мақсатында жүзеге асты.
25 наурыз 2026 ж. 256 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031