Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім беру ұйымында қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру

Білім беру ұйымында қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметінің басым бағыттарының бірі – қызметкерлер мен білім алушылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, сондай-ақ білім беру ортасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
«Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі» МКҚК-да еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың белсенді қатысуымен жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және колледж қызметкерлері мен студенттері арасында қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру аясында колледждің оқу кабинеттерінде, зертханаларында, шеберханаларында және әкімшілік бөлмелерінде еңбекті қорғау жағдайына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Әсіресе практикалық, өндірістік оқыту сабақтарды өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына, жабдықтарды пайдалануына және оқу үдерісін ұйымдастыруға ерекше назар аударылады.
Тексеру барысында келесі бағыттар талданады:
- оқу және өндірістік бөлмелердің жағдайы;
- электр қауіпсіздігі талаптарының сақталуы;
- қызметкерлер мен білім алушыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
- өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы;
- еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтардың болуы және өзектілігі;
- еңбекті қорғау құжаттамасының жүргізілуі.
Тексеру нәтижесінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы анықталып, олар техникалық инспектордың ескертулері мен ұсыныстарында тіркеледі. Анықталған барлық кемшіліктер колледж әкімшілігі мен жауапты тұлғалардың назарына жеткізіліп, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Жұмыстың маңызды бөлігі – профилактикалық қызмет. Техникалық инспектор еңбекті қорғау бойынша нұсқамаларды өткізуге белсенді қатысады, қызметкерлер мен студенттер арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады, қауіпсіз еңбек мәселелері бойынша әңгімелер өткізеді.

Білім алушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Колледж тау-кен өндірісі саласына мамандар даярлайтындықтан, қауіпсіздік талаптары өте жоғары. Сондықтан студенттерге оқу кезеңінен бастап қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру аса маңызды.
Осы мақсатта колледжде келесі іс-шаралар жүргізіледі:
- практикалық сабақтардың алдында нұсқама өткізу;
- еңбекті қорғау бойынша профилактикалық әңгімелер;
- қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
- жеке қорғаныс құралдарын қолдануды бақылау.
Бақылау мен профилактика бойынша жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижесінде ықтимал қауіп-қатерлерді уақытында анықтап, жоюға, білім беру үдерісінің қауіпсіздік деңгейін арттыруға және еңбекті қорғау мәселелеріне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.
Тәжірибе көрсеткендей, колледж әкімшілігінің, кәсіподақ ұйымының және техникалық инспектордың тиімді өзара әрекеттестігі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға және ұжымдағы еңбекті қорғау мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.
Осылайша, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың қызметі қызметкерлер мен білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ықтимал қауіптердің алдын алуда және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуының алдын алуға бағытталған тұрақты профилактикалық жүйені қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Марал Биржанов,
«Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі» МКҚК
еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспектор
18 қазан 2025 ж. 58 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031