Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыр атлетика шебері 2000-шы болып дауыс берді

Ауыр атлетика шебері 2000-шы болып дауыс берді


Дауыс беру күнінің ең айтулы сәттерінің бірі №91 учаскесінде тіркелді. Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты ✓17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ауыр атлетика тренері Алихан Іздік өз таңдауын жасады.
Кәсіби спортшыларды тәрбиелеп жүрген білікті маман ✓91 учаскесіне келіп, мерейлі 2000-шы дауыс беруші болып тіркелді. Осылайша Алихан Іздік ел болашағы үшін маңызды қадам жасады.
"Спорттағы сияқты, өмірде де әрбір шешім мен әрбір қадамның нәтижесі болады. Бүгін шәкірттеріме тек спортта ғана емес, азаматтық ұстанымда да үлгі болу үшін келдім. 2000-шы болу біздің ауданымыздың, халқымыздың зор белсенділігінің көрінісі", – деді бапкер.
Спорт мектебінің тренеріне учаскелік комиссия тарапынан ерекше қошемет көрсетіліп, ел спортын дамытуға қосып жүрген үлесі мен белсенділігі үшін алғыс айтылды. Бұл меже халықтың келу деңгейінің өте жоғары екенін және референдумның сәтті өтіп жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
15 наурыз 2026 ж. 42 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031